Поиск

Алматыда экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары басталды


15 наурызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізуге кірісті (бағдарлама қоса беріледі).


Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Курстар 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан меморандумды жүзеге асыру аясында өткізілуде.


Курсқа қатысушыларға бес күн бойы БАҚ-та экологиялық мәселелерді тарату, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша өзекті сұрақтар түсіндірілетін болады.


Курстың ашылуында Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек мырза алғы сөз сөйледі.


Спикерлер ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары және Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрағасы сөз сөйлейді. Оқыту курстары 2021 жылдың 19 наурызына дейін өтеді.


Тікелей көрсетілім Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.



#Білім #ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі





© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon