Поиск

Алматы мұғалімдерінің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді


Алматы мұғалімдерінің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жалпы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе артады.


Бірінші өсім 2020 жылдың 1 қаңтарында болды. Бұл шарамен мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, колледждер, қосымша білім беру жүйесі қамтылды.


2021 жылдың нақтыланған бюджеті аясында Алматы мұғалімдерінің жалақысын 25% көтеру үшін республикалық бюджеттен 30,8 млрд теңге бөлінді.


Мегаполистегі мемлекеттік мекемелер – мектептер мен колледждерде, балабақшалар мен интернаттарда, мектептен тыс ұйымдарда 32 мың педагог қызметкер жұмыс істейді.


Бұлардан өзге, сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексеру, педагогикалық шеберлік, магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар қарастырылған.


Айта кетерлігі, бұрындары магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу болмаған, бірінші рет енгізіліп отыр. Ал бұрынннан бар сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексерудің қосымша ақысы екі есе өсуде.


Еске салсақ, Алматы әкімдігі мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін ынталандыру үшін қаржы бөлуді қарастырған еді.


Осыған орай, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ұсынысы бойынша «Үздік педагог», «Үздік педагогикалық ұжым» байқаулары жыл сайын өткізіліп келеді.


Автор: Алма Мұқанова



#Алматы #Білім #Қаржы

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon