Поиск

Асхат Аймағамбетов білім беру жөніндегі заңнамаға енгізілген басты өзгерістерді атады


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қабылданған заңдағы маңызды нормалардың бірі – балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институтын енгізу. Ол туралы кеңінен тарқатып айтқан болатынмын. Енді мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында да жекеменшік ұйымдарда орналастырылады. Бұл мемлекет тарапынан үлкен шығындарды қажет етпей-ақ балалардың секцияларға, үйірмелерге және басқа да дамыту орталықтарына баруына қатысты мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді», - деп жазды министр желідегі парақшасында.


Асхат Аймағамбетов екіншіден балабақшалар, мектептер мен колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтетінін атап өтті. Яғни ұзақ уақыт бойы талқыланған норма қабылданған. Аттестаттау – сыртқы мониторинг және білім беру ұйымдарының белгіленген стандарттар бойынша орындаған жұмыстарын бағалайтын құрал болады.


«Ең бастысы, аттестаттау тек проблемаларды айқындаушы репресивті құрал емес, анықталған проблемаларды жоюға бағытталған нақты ұсыныстар беру тетігі. Аттестаттау бес жылда бір рет жүргізіледі. Ол арқылы білім беру ұйымдарында берілетін білімнің сапасы анықталып, ата-аналар, оқушылар мен педагогтер арасында сауалнама жүргізіледі, материалдық-техникалық база, кадр құрамы және басқа да аспектілер бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланады. Үшіншіден, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары білім беру процесіне енгізілгенге дейін міндетті түрде сараптамадан және апробациядан өткізіледі. Яғни енді оқу процесіне жаңа бағдарламаны енгізу үшін алдымен міндетті түрде сараптама, кейін апробация жүргізіледі. Осылайша орын алуы мүмкін кемшіліктер анықталатын болады. Бұл өте маңызды норма, жаңа оқу бағдарламаларын енгізуге байланысты жұмыстарда асығыстық жасамау керек. Әрине, бұл норма министрлікті шектейді, алайда осы арқылы жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген және сыналған бағдарламаларды енгізудің механизмі жұмыс істейді», - дейді министр.


Асхат Аймағамбетов сонымен қатар министрліктің мектеп оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу құзыретін айқындайтын түзету қабылданғанын жеткізді. Бұл оқулықтардың сапасын арттыруға бағытталған маңызды норма болып отыр.


«Төртіншіден, министрлік білім беру ұйымдарына алып кіруге және онда пайдалануға тыйым салынатын заттардың тізімін бекітетін болады. Бұл норма оқу орнында білім алушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін және алдын алу шараларын күшейту үшін енгізілді. Бесіншіден, заңда қашықтан білім беруге қатысты жаңа нормалар пайда болды. Қашықтан оқыту ұғымы және қашықтан оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыреті бекітілді. Қашықтан білім беруге қатысты талаптар айқындалады», - деп түйді министр.


Автор: Аян Бекенұлы


#Заң #ҚР Білім және ғылым министрлігі #Президент тапсырмалары

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon