Поиск

Асхат Аймағамбетов СҚО оқу орындарында қандай өзгерістер болатынын айтты


Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Солтүстік Қазақстан облысындағы оқу орындарында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша «Жас маман» жобасы аясында 2021 жылы 9 колледжді жабдықтаймыз. 2025 жылға дейін жастарды кезең-кезеңмен 100%-ға дейін колледждерде ақысыз оқумен қамту жоспарланды. Ол үшін қосымша гранттар беріледі», - деді министр.


Жоғары білім саласына тоқталған министр, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес М. Қозыбаев университетінде Академиялық артықшылық орталығы құралатынын айтты.


«Қаражат инновациялық зертханаларды құруға, білім беру бағдарламаларын жаңартуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыруға және басқа да бағыттарға беріледі. Осы бағытта бюджеттен 5 млрд теңге бөліну жоспарлануда. Сонымен бірге университетте республикалық бюджет есебінен 600 орындық екі жатақханана салу үшін 4,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұған қоса, қолданыстағы үш жатақханада 2,2 млрд теңгеге және бес оқу ғимаратында 2,4 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізіледі. Осындай жоспарымыз бар. Сонымен осы университет толығымен модернизаиядан өтеді деп айта аламыз», - деді А. Аймағамбетов.


«Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік жоғары оқу орнын құру жоспарының аясында Петропавл қаласында осындай университет құрылатын болады. Бұл университет әлемнің үздік университеттерімен бірге жаңа білім беру бағдарламаларын іске асырып, нәтижесінде біз өңірлік зерттеу орталығына ие боламыз. Онда озық зерттеу мен озық білім беру үшін жағдайлар жасалады», - деп нақтылады ведомство басшысы.


Министрлік облыс аумағында жұмысқа тұрған «Серпін» бағдарламасы түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімін 2 жылға дейін азайту бойынша өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.


Көрші елдердің жоғары оқу орындарынан М. Қозыбаев атындағы университетіне ауысатын студенттерге жыл сайын арнайы 200 білім грантын бөлу мәселесі қарастырылып отыр.


Сонымен бірге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне студенттердің келуін ыңталандыру үшін 2000 арнайы грант бөлінеді.


Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды.


Премьер-Министр Асқар Мамин кешенді жоспары өңірдің инфрақұрылымын жақсартатынын атап өтті.


Автор: Руслан Ғаббасов



#Білім #ЖОО-лар #ҚР Білім және ғылым министрлігі


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon