Поиск

Атырауда мүмкіндігі шектеулі оқушылар арнаулы сыныпта білім алады


Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 581 оқушы арнаулы сыныпта білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 32 мектепте ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін 108 арнаулы сынып ашылған. Бұл сыныптарда мүмкіндігі шектеулі 581 оқушы білім алады. Ал, Қызылқоға ауданында осындай 62 оқушы бар.


«Миялы ауылында орналасқан Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте 21 оқушы инклюзивті білім алады. Оның алтауы үйінде білім алса, бесеуі психикалық дамуында тежелуі бар балаларға арналған (ПДТ) сыныпта, қалғаны қатарластарымен бірге оқиды», - дейді мектеп директоры Гүлшара Сары.


Оның айтуынша, мектепте физика, информатика, химия, биология пәндері үш тілде оқытылады. Ал, 8-11-сыныптарға аталған пәндер үйірме, факультатив сабақтар есебінен енгізіліп отыр.


«Мүмкіндігі шектеулі оқушылар арнайы жеңілдетілген бағдарлама негізінде білім алады. Мектеп психологтары оқушыларды коррекциялық жұмыстар арқылы тәрбиелейді. Яғни, баланың ойлау қабілетін дамытатын моторикалық ойындарға қатысып, жаттығулар жасайды», - дейді мектептің педагог-психологы Баршагүл Сарсенғалиева.



Автор: Бек Мұстафа


#Білім


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon