Поиск

Атыраулық оқушы АҚШ-тағы беделді университеттің грантын ұтып алды


Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Бақыт Өтеулиева АҚШ-тағы беделді университеттің грантын ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Химия-биология бағытында білім беретін оқу ордасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, мектеп оқушысы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан Корнелл университетін таңдаған.


«Бұл – әлемдегі ең ірі әрі беделді университеттің бірі. Сегіз жекеменшік университеттен құралған әйгілі «Шырмауықтар лигасына» кіреді. Сол себептен, осы оқу ордасынан тамақ өнеркәсібі саласында жоғары білім алуды көздедім» -дейді Бақыт Өтеулиева.


Оның айтуынша, жоғары оқу орнын таңдауда бірнеше себепке назар аударған. Біріншісі – оқу орны ұсынатын бағдарламалар мен мүмкіндіктер. Екіншісі – болашақ мамандығына қатысты оқыту әдісі.


«Өйткені, маған тек сапалы білім ғана емес, тұлға ретінде қалыптасу керек. Сондай-ақ, өз қабілетімді жетілдіріп, кейін жұмысқа орналасудың маңызы қор. Осы тұрғыдан айтқанда, Корнелл университеті тағам өнеркәсібі саласына білікті мамандар дайындайтын үздік оқу орындарының бірінен саналады. Бұл университетте студенттердің өз әлеуетін толық жетілдіруге барынша жақсы жағдай жасалған», - дейді биыл мектеп бітіргелі отырған оқушы.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушылар Telegram-да кітапхана ашқан болатын.


Автор: Бек Мұстафа


#Атырау облысы #Білім

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon