Поиск

Атыраулық оқушы өсімдіктен бояу алудың жаңа тәсілін ұсынды


Атыраулық 9-сынып оқушысы Айнұр Мұратова өсімдіктерден бояу алудың жаңа тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Айнұр Мұратова Махамбет ауданындағы Қосарал орта мектебінде оқиды. Ол «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысқан. Байқауда «Табиғи индикатор алу және қолдану» тақырыбында жоба қорғап, жүлделі 1-орынды жеңіп алған.


Ғылымға ден қойған оқушының ғылыми жетекшісі Сандуғаш Қабазованың айтуынша, онлайн режимде өткен байқауға еліміздің барлық өңірінен 263 оқушы қатысқан.


«Оқушым екеуміз бұрын зерттелмеген, бірақ көптен ойымызда жүрген тақырыпты таңдадық. Айнұр зерттеуінде табиғи шикізаттан қолмен алуға болатын индикаторларды (табиғи бояуларды) тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрсетті. Табиғи өсімдіктердің құрамы қоршаған ортаның әсеріне байланысты түсін жиі өзгертетінін анықтады», - деді Сандуғаш Қабазова.


Ал, Айнұр Мұратованың сөзінше, өзінің ғылыми жаңалығын алдағы уақытта химия сабағында зерттеу түрінде ғана емес, тұрмыста да қолдануға болады. Ол сондай-ақ, ыдыс жууға арналған «Миф», «Fairy», «АОS» сұйықтықтары мен хош иісті сабындардың барлығы осындай химиялық әрекеттесу арқылы алынатынын жеткізді.


«Тұрмыста кеңінен пайдаланылып жүрген жуғыш заттар химия тілімен айтқанда, сілтілік және әлсіз сілтілік ортада дайындалады. Сондықтан, табиғи өсімдіктерден бояу алу тақырыбын алдағы уақытта кеңірек зерттеймін. Табиғи өсімдіктердің құрамын, олардан табиғи бояу алу зерттеулері мектеп бағдарламасының 5, 6-сыныптардағы Жаратылыстану, 7-сыныптың Химия оқулықтарына енгізілсе, оқушылардың ғылымға ынтасы арта түсер еді», - дейді Айнұр Мұратова.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушы алоэ өсімдігінен сусабын мен йогурт жасап шығарғанын жазған едік.


Автор: Бек Мұстафа



#Білім #Ғылым #Қоғам #Аймақ

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon