Поиск

Ауылдардағы кәсіптік колледж студенттері дәстүрлі форматта оқиды


Екінші семестрден бастап Қазақстандағы техникалық және кәсіптік колледждерде оқу процесі дәстүрлі, қашықтан және аралас форматта жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ауылды жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 97 колледж өз студенттері үшін оқуды дәстүрлі форматта ұйымдастырады. Сондай-ақ ҚР ІІМ мен ҚР ҚМ жанындағы 14 колледждің студенттері оқу орындарында оқиды. Қалған колледждерде бірінші курс студенттері үшін, атап айтсақ студенттерінің жалпы санының шамамен 31%-ы үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады», - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша бірінші курс студенттері үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқыту пәндерінің 70%-ы дәстүрлі форматта және 30%-ы қашықтан өткізіледі. ТжКБ ұйымы оқу жұмыс жоспарларына сәйкес штаттық және қашықтан оқыту форматтарында оқытуды өткізу үшін пәндер тізбесін дербес айқындайды.


«Аудиториялық сабақтардың ұзақтығы 45 минуттан аспайды, колледж әкімшілігі икемді кесте құрады. Кабинеттерде үзілістер арасында және сабақтан соң санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. 2-4 курс студенттері аралас форматта оқиды. Техникалық, технологиялық, аграрлық бағыттар бойынша оқитын студенттер үшін сабақтар қашықтан, зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика дәстүрлі форматта ұйымдастырылатын болады. Қорытынды аттестаттау да штаттық режимде өтеді», - деді ол.



Автор: Аян Бекенұлы



#Білім #ҚР Білім және ғылым министрлігі #Коронавирус


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon