Поиск

Ақтауда оқушы мектеп ауласына «көше кітапханасын» орнатты


Ақтаулық оқушы мектеп ауласына «көше кітапханасын» орнатты. Темір қорап сырт көзге құстың үйшігіне ұқсайды. Оған салынған кітаптарды кез келген адам алып кете алады. Қораптың сыртында оқып болған соң қайта орнына қою қажеттігі жазылған.


Көше кітапханасының қорын әзірге оқушылар мен мұғалімдер толықтырып жүр. Бүгінде бұл жерден 20-дан астам әдеби оқулықты көруге болады.


Төрт бұрышты қорапты 14 жастағы оқушы Вячаслав Соколов әкесімен бірге құрастырып, әр бетіне әйнек орнатқан. Оның айтуынша, бұл кітаптарға арналған үйшік. Жел ұшырып әкетпеуі үшін темір бағанаға бекіткен. Жаңбырлы күндері көше кітапханасына су өтпейді.


Вячеслав Соколов, оқушы:

- Көше кітапханасына үш тілдегі кітаптар жиналған. Олар негізінен әлемдік классика, қазақ әдебиеті мен фантастикалық жанрларда жазылған. Қазір оқушылардың көп уақытын ұялы телефонға арнайтынын көріп жүрмін. Гаджеттердің көзді шаршатып, адамды ойлау қабілетінен айыратын қасиеті барын білемін. Осы себепті әлемнің дамыған елдерінде кең таралған әлеуметтік жобаны қолға алдым.


Білімге құштар жеткіншек мұндай жобаны өңірдегі барлық мектептің жүзеге асырғанын қалайды. Осы себепті өз ұсынысын жазбаша түрде аудан-қалалық білім беру бөлімдеріне жолдауға кіріскен. Шаһар тұрғындары да оқушы талабын қолдап, үйде жатқан кітап-оқулықтарды әкеліп жатыр.


Орынбай Бисекенов, қала тұрғыны:

- Әр қалада осындай көше кітапханасы болуы қажет. Бұрын әкелеріміз мен аналарымыз айлықтан ауысқан ақшасына ай сайын 1-2 кітап сатып алушы еді. Солар кейбір үйлерде босқа шаң басып тұр. Мынадай көзге түсетін орынға, су өтпейтін қорапқа салып қойса керек адам алады ғой.


28-шағын аудандағы №23 орта мектеп ауласында таяуда тағы бір қорап орнатылды. Оларды бұзақылардың сындырып кетпеуін білім беру мекемесінің ұжымы мен оқушылар бақылайды.


Ирина Строева, мұғалім:

- Үш күн бұрын оқушыға көмектесіп, тағы бір қорап орнаттық. Кітап қойылатын екі үйшік те бейнебақылау камераларына көрінетін орындарда тұр. Бұл жерде оқитын балалар керек кітабын алып, оқып болғасын қайтарып жүргенін біліп отырмыз.


7-сыныптың оқушысы өз жобасын келесі айда өтетін қалалық байқауға ұсынбақшы. Әзірге бастауыш сыныптарда оқитын балаларды көше кітапханасы тұрған жерге апарып, қолдану ережесін түсіндіріп жүр.


Авторлар: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев



Ақпарат көзі: 24.kz

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon