Поиск

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 123 үміткер анықталды


ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.


Комиссияның шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша магистратура мен докторантураға оқуға баратын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберілетін 123 үміткер анықталды.


Бұған дейін 2020 жылғы конкурстық іріктеудің екі легінің нәтижесінде Комиссия шешімімен 163 стипендия тағайындалған болатын.


Анықтама үшін: Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 621 стипендиат білім алып жатыр, атап айтқанда, 524 стипендиат 19 елде, 97-сі Қазақстан аумағында қашықтан оқиды.


#Білім

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon