Поиск

Білім беру тәжірибе алаңы емес – Мемлекет басшысы


Zanmedia.kz


Елімізде оқыту жүктемесі тым жоғары.


Осылай деген Мемлекет басшысы оқушылардың білім сапасының халықаралық бағалауына да назар аударып, мектептердегі білім сапасының жүйелі түрде нашарлағанын айтты. Сондықтан бұл салаға түбегейлі өзгеріс керек.


Бүгінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізу жөнінде ұсыныстар өте көп. Соңғы он жылда 9 пән енгізілген. Білім беру тәжірибе алаңы емес. Мұның бәрі негізгі пәндерге бөлінген сағаттың қысқаруына әкеп соғады. Соның өзінде елімізде оқыту жүктемесі тым жоғары – 67 сағат. Ал Финиляндия мен Оңтүстік Кореяда оқыту жүктемесі – 39 сағат, АҚШ-та – 55 сағат. Шәкірттерді оқыту мен басқа да дамыту шараларының арасында тепе-теңдік болуы аса маңызды. Әлемдік үдерістерді ескере отырып, математика, тіл меңгеру және информатика секілді пәндерге ерекше басымдық берген жөн, – деді Мемлекет басшысы.


Ақпарат көзі: 24.kz