Поиск

Білім және ғылым министрлігіне қарсы ақпараттық науқан жүріп жатыр - Президент


Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарына қатысты ескерту айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Президенттің айтуынша, Үкіметке жоғары оқу орындары үшін бөлінетін мемлекеттік гранттарды нарықтың нақты сұраныстарымен тығыз байланыстыру мақсаты жүктеліп тұр. Жыл сайын бөлінетін гранттардың бір бөлігі тиісті мамандықтардың сұранысымен қамтамасыз етілмеген. Осы орайда бюджет қаржысы желге ұшады.


«Менің тапсырмам бойынша Үкімет сапасыз білім беріп жатқан жоғары оқу орындарын қысқарту жұмысын жалғастырып жатыр. Алайда кейбір ЖОО-лар түрлі процессуалдық әрекеттермен оқу орнын жабу процесін 1,5 жылға дейін созып келеді. Білім және ғылым министрлігіне қарсы ақпараттық науқан жүріп жатыр. Үкіметке тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.


Сонымен бірге Президент академиялық адалдықты бұзғаны үшін ЖОО-лар жауапкершілігін қосымша күшейту керектігін атап өтті. Қ. Тоқаев сапалы білім беріп жатқан жоғары оқу орындарын жан-жақты нығайту керектігін тапсырды. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін 15 базалық өңірлік жоғары оқу орындарын жаңғырту керектігі айтылды. Олар таланттарды тартудың өңірлік орталықтары ретінде қызмет етеді.


Осы орайда Үкіметке әкімдіктермен бірлесе 1 шілдеге дейін тиісті қадамдармен, кезеңдермен әрі қаржыландыру көлемімен тыңғылықты жол картасын енгізу жүктелді.


Автор: Руслан Ғаббасов



© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon