Поиск

Білім министрі: Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз


Кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жоғары білім беруде кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлініп, кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтіледі. Кәсіптік стандарттар мен атлас негізінде жаңа бағдарламаларды әзірлеп енгіземіз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Оның атап өтуінше, жоғары білімнің сапасын арттыру үшін педагогтарды, дәрігерлерді, заңгерлер мен сәулетшілерді даярлайтын университеттерге ерекше біліктілік талаптары енгізіледі.


«Бұған қоса академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейінгі жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға бекітуге дайындадық.Сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімі бойынша нормаларға өзгерістер енгіземіз. Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз», - деді министр.


Автор: Марлан Жиембай


#ЖОО #ҚР Білім және ғылым министрлігі #Президент тапсырмалары

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon