Поиск

БҚО-да инклюзивті білім беруге арналған қос кабинет ашылды


Бірі Орал қаласында, екіншісі Теректі ауданында. Кабинеттер арнайы жиһаздармен, оқу құралдарымен және бой сергітуге арналған жабдықтармен қамтылды.


Материалдық-техникалық базаны жасақтауға 3 млн 700 мың теңге бағытталған. Шаһардағы инклюзивті кабинетке әзірге 10 жеткіншек тіркелген.


Әсем Бақытжанова, Орал қалалық №5 орта мектептің директоры:


- Қазіргі таңда барлық мұғалімдеріміз ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуға дайын. Біздер қазір бастауыш сынып оқушыларын алдық. Біздер (оларды) қоғамға қосу, сыныптастарымен бірге араласуға, еркін қарым-қатынас жасауға бағытталатын жұмыс болады. Әрине болашақта біздер өзіміздің тәжибемізбен бөлісеміз.


Ақпарат көзі: 24.kz