Поиск

Елімізде қанша ЖОО атом энергиясы саласындағы мамандарды даярлайды



Елімізде қанша Жоғары оқу орыны атом энергиясы саласындағы мамандарды даярлайды? Парламент Сенатында депутат Нұрлан Қылышбаевтың бұл сұрағына Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Атом саласының кадрлармен қамтамасыз етілуі қандай жағдайда?» - деді сенатор атом энергиясын пайдалану мәселесі жайлы заң жобасы талқыланған отырыста.


«Атом энергиясы саласындағы мамандарды елімізде 5 жоғары оқу орыны даярлайды. Олар түлектерін атом энергиясын пайдалану мекемелеріне жолдайды. Ол ЖОО-лар елордадағы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Семей мемлекеттік университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ресейдің Дубна қаласындағы университетпен тәжірибе алмасып келеді. Сонымен қатар АҚШ, Жапония энергетика агенттіктерінде мамандарымыздың біліктілігін арттыру мәселесі іске асады», - деді Нұрлан Ноғаев.


Автор: Аян Бекенұлы


#Парламент #Сенат #Энергетика #ЖОО

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon