Поиск

Жас ғалымдардың республикалық байқауы өтеді


Нұрсұлтан Назарбаев қоры жас ғалымдарға республикалық байқау жариялады. Бұл жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстарын қаржыландыруға және «Жас ғалымдардың үздік Кеңесі» байқауына грант алу үшін қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Ғылыми-зерттеу жобаларына және жас ғалымдардың Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарындағы ғылым, технология және техниканың басым бағыттары бойынша қолданбалы ғылыми саладағы ізденістеріне2021 жылдың 26 наурызы мен 25 сәуірі арасында байқау жарияланған.


Оның мақсаты – Қазақстанның жас ғалымдарының импортқа қабілетті әлеуетін, жоғары инновациялық дәрежесін және әлеуметтік маңызын көрсететін, болашағы зор ғылыми еңбектерін қолдау.


Бұл байқаудың іріктеу сынына ғылыми қызметкерлер (ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе оның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін адамдар), ғылыми дәрежесі бар тұлғалар (ғылым кандидаты немесе докторы, немесе философия докторы (PhD), өз саласы бойынша доктор) қатыса алады. Жасы 40-тан аспауы тиіс. Ғылыми жұмыстарға белсенді қатысып жүрген Қазақстан азаматы болуы керек.


Жақында Жас ғалымдардың үздік кеңесін анықтау мақсатындағы екінші байқау басталды. Оған соңғы өтініштер 2021 жылдың 29 сәуірінде қабылданады.


Бұл байқау Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) жұмысын дамытуға септігін тигізеді. Ол жас ғалымдардың бастамаларын қолдауға, сондай-ақ, ғылыми жобаларын іске асыруға бағытталған.

— 2007 жылы Елбасының бастамасымен ғылым саласындағы дарынды жастарды тауып, марапаттайтын жаңа орган – Жас ғалымдар қоры құрылды. Кейін ол Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңеске айналды , — дейді PhD, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес төрағасы, ҚР президенті жанындағы ҚӘЗИ жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаров . — Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес о бастан Қазақстанның жас ғалымдары өз қабілетін көрсетіп, әріптестерінің қолдауына ие болып, өзін және ғылыми ізденістерін көрсете алатын, отандық ғылымды дамытуға бағытталған түрлі жобаларға қатыса алатын алаңға айналған. Мұндай кешенді жұмыс басқа ұйымдар үшін де үлгі боп отыр. Ал жас ғалым мәртебесі еліміздің қоғамы мен ғылыми ортасында берік орын алған.


Айта кетейік, екі байқаудың жеңімпаздары ғылыми-зерттеу жобалары мен Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын белсенді түрде жүзеге асыруға арналған грантқа ие болады.


Байқау ережелері мен толық құжаттар fnn.kz сайтының «Жобалар мен байқаулар» бөлімінде жарияланған.


Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады.: +7 727 305 36 23.



#Алматы #Ғылым #Тұңғыш Президент - Елбасы


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon