Поиск

Жауапсыз рецензенттер диссертациялық кеңес жұмысынан шеттетіледі


Сапасыз диссертацияға жағымды ұсыным берген рецензенттер мен ғылыми кеңесшілер диссертациялық кеңестің жұмысынан 3-5 жылға шеттетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат мәжілісінде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова мәлім етті.


«Ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерге докторнаттармен жауапсыз жұмыс істегені үшін жауапкершілік белгіленді. Егер докторанттың жұмысы қабылданбаса, оның ғылыми кеңесшісі мен жағымды пікір жазған маман 3-5 жыл бойы диссертациялық кеңестің жұмысына қатыса алмайды және докторлық диссертацияларға рецензия жаза алмайды», - деді Гүлзат Көбенова.


Комитет төрайымы диссертацияның қорғаудың ашықтығы қалай қамтамасыз етілетінін де айтты.


«Бұл бойынша да сын көп айтылғанын білесіздер. Жария түрде қорғау рәсімі енді міндетті түрде интернет арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Ресми рецензенттер диссертациялық кеңестің жұмысына міндетті түрде қатысып, құпия дауыс беруге қатысуы керек. Оның үстіне қорғауға осы саланың практикадағы мамандары да шақырулы мүмкін. Ең бастысы, диссертациялық жұмыс қорғаудан өткеннен кейін ресми сайттарда үнемі қолжетімді болуы керек», - деген министрлік өкілі диссертацияны сәтсіз қорғаған үміткерлерге қайта мүмкіндік беру жағы да нақты ережемен бекітілгенін ескертті.


«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қорғау қорытындысы бойынша 4 түрлі шешім қабылдану керек деп бекіттік. Олар: PhD-доктор дәрежесін беру, дәреже бермеу, қайта толықтыруға жіберу немесе қайта қорғауға жіберу. Төрт шешімнің де негіздемелік себептері типтік ережеде көрсетілген», - деді Гүлзат Көбенова.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Гүлзат Көбенова PhD дәрежесін қорғау кандидаттық диссертация деңгейінде қалып қойғанын мәлім еткен болатын.


Аталмыш шарада министр Асхат Аймағамбетов ғылыми дәреже қорғаушылардан диссертацияның қазақ тіліндегі нұсқасы талап етілетінін айтқан болатын.



Автор: Есімжан Нақтыбай


#ЖОО #ҚР Білім және ғылым министрлігі


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon