Поиск

ЖОО-лардағы дәстүрлі форматта оқыту: Студенттер жатақханаға қабылдана ма


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов екінші семестрде жоғары оқу орындарында студенттерді дәстүрлі форматта оқытудың талаптарын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында тиісті санитарлық-эпидемиологиялық режим бекітілген. Аудиторияларда студенттердің толымдылығы 40 пайыздан аспауы керек. Сонымен қатар қоңырау соғудың әртүрлі кестесі бекітіледі. Яғни бір нысанда оқитын студенттер бір-бірімен кезіге алатындай жағдай болмауы тиіс. Аудиториялардағы әлеуметтік қашықтық та қарастырылған, яғни парталардың арасын 2 шаршы метр аралық бөліп тұруы тиіс», - деді Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Сонымен қатар зертханаларда жұмыс жүргізу үшін 1 студентке кем дегенде 5 шаршы метр берілуі керек.


«Бекітілген шешімге сәйкес, ЖОО-лар санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету регламентін қайта қарап, тиісті шараларды қабылдап жатыр. Жатақханаларға келек болсақ, ЖОО-лар студенттерді 50 пайыз толымдылық бойынша қабылдауда», - деді ол.


Еске сала кетсек, бұған дейін Мирас Дәуленов осы жылдың 18 қаңтарынан бастап 1 курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқи бастайтынын айтқан еді.



Автор: Аян Бекенұлы


#Білім #ЖОО #Медицина #Коронавирус

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon