Поиск

Жоғары оқу орындарының 2020 жылғы рейтингі жасалды


Жоғары оқу орындарының 2020 жылғы рейтингі шықты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің онлайн отырысында ведомсвтоның білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова толығырақ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«2020 жылғы жоғары оқу орындарының рейтингі шығарылды. Зерттеулерді Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген. Палата жұыс берушілердің мүдделерін ұсынатын және оларды білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауға тартуға мүмкіндігі бар ұйым ретінде жобаның бағалаушысы. Мемлекеттік тапсырыс аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жоғары білім жүйесінің барлық ақпараттық базасына кіруге мүмкіндік берілді. Тиісінше жоғары оқу орындары да рейтингке қажетті материалдарды ұсынды», - деді Гүлзат Көбенова.


Оның айтуынша, биыл рейтингке барлық жоғары оқу орны енген. Тек Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ-ге бағынышты жоғары оқу орындары қатыстырылмаған.


«2020 жылғы рейтингтің қорытындысы бойынша мынаны атап өтуге болады: біріншіден, қазіргі эпидемиологиялық күрделі ахуалға қарамастан түлектердің жұмыспен қамтылуының орташа деңгейі 71 пайызды құрап отыр. Екіншіден, жұмыс берушілердің ЖОО-лардағы білім бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттануы 1-ден 3-ке дейін көбейді. Бұл – ең басты мәселе. Ең бастысы, ЖОО-лар талапкерлерді қабылдаған кезде оқу барысын жүргізген білім бағдарламалары сапалы болуы керек», - деді ол.


Ол сонымен қатар практикалық тәжірибесі бар мұғалімдерді оқу процесіне қатысуы 72 пайызды құрағанын атап өтті.


«Кей жоғары оқу орындары білім бағдарламасына аз қаражат жұмсайды. Практикалық тәжірибесі бар оқытушыларды аз тартады. Мұндай жоғары оқу орындарының білім бағдарламасы түлектердің арасында қызығушылық тудырмайды», - дейді ол. Гүлзат Көбенова рейтингтің нәтижесі қосымша критерий ретінде жоғары білімді кадрларды даярлауға, мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде ескерілетінін атап өтті.


«Өздеріңіз білетіндей, биыл 36 жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім тапсырысы осы рейтингті ескере келе орналастырылмаған. Алдағы уақытта осы мәселе назарға алынады. Биыл рейтинг жақын арада министрліктің, комитеттің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайттарында толық жарияланады», - деді ол.


Автор: Аян Бекенұлы


#Білім #ЖОО-лар #ҚР Білім және ғылым министрлігі

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon