Поиск

Жұмыссыз жастарды кәсіби біліммен қамту мәселесін жан-жақты пысықтау қажет – Ералы Тоғжанов


Жұмыссыз жастарды кәсіби біліммен қамту мәселесін жан-жақты пысықтау қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жоспарланған іс-шаралар білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бірнеше бағытқа назар аударғым келеді. Біріншіден, 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 2025 жылға дейін 95 пайызға жеткізуді қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол толықтай орындалады. Екіншіден, әкімдіктер биыл салынуы тиіс 200 жаңа мектеп құрылысына, жаңғыртылуы қажетті 1 015 мектепке тұрақты мониторинг жүргізу және оның орындалуы туралы ай сайын ақпарат беріп отырғаны дұрыс», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


Үшіншіден, ол орта білім беруге байланысты ауыл мен қаладағы білім сапасын теңестіру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын баса айтты. Сондықтан әкімдер осы бағытты ерекше бақылауға алуы қажеттігін ескертті.


«Төртіншіден, өңірлерде биыл енгізілген қосымша білім беру мемлекеттік тапсырысын іске асыруға жан-жақты дайындық жүргізілуі тиіс. Ашығын айтқанда бұл жаңалықты көпшілік күтіп отыр. Сондықтан қажетті қаржы бөлініп, тиісті ұйымдастыру жұмысы іске асырылуы керек. Бесіншіден, білім министрлігі әкімдіктермен бірге тегін кәсіби-техникалық білім беру аясында жұмыссыз жастарды көбірек кәсіби біліммен қамту мәселесін де жан-жақты пысықтауы қажет», - деді Ералы Тоғжанов.


Автор: Марлан Жиембай


#Білім #ЖОО

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon