Поиск

Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны рас па – министрлік жауабы


Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны рас па? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Әлеуметтік желілерде мектептерде телефонды пайдалануға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарап жүр. Бұл шындыққа жанаспайды. Яғни смартфонға қатысты бұрынғы норма сақталады. Алайда мектептер өздігімен смартфондарды пайдалануға шектеу қоюға қатысты шешім қабылдай алады. Өз жарғысына сәйкес, мұндай шешім қабылдауға мүмкіндік бар», - деді Шолпан Каринова.


Оның айтуынша мектепке смартфонды әкелуге қойылатын тыйым мәселесі бұрыннан бері талқылануда.


«Әртүрлі пайым-пікір бар. Түпкілікті шешім қабылдау үшін аталмыш мәселені зерттейтін боламыз. Әлбетте білім алуда телефон бірталай кедергі келтіретінін атап өту керек», - деді вице-министр.


Автор: Аян Бекенұлы


#ҚР Білім және ғылым министрлігі #Коронавирус #Карантин


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon