Поиск

Павлодарда көшпенділер азығын дайындау технологиясы жаңғыртылып жатыр


Ертіс өңірінің ғалымдары көшпенділер азығын дайындау технологиясын жаңғыртып жатыр. Ұлттық тағамдарды әзірлеудің көне әдістерін қалыпқа келтіру үшін алдымен ғылыми тұрғыдан шикізат құрамы жіті тексеріледі. Сол арқылы қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы тұтынған астың қасиеті мен ерекшелігі айқындалады.


Көшпенділер азығының негізгі компоненттері ет пен сүт. Ғалымдар қауымы дәл осы екі шикізаттың негізгі қасиеттерін зерттейді. Бұл зертханада еттің мәрмәрлігі анықталады.


Ұлан Тілеубек, өндірістік оқу шебері:

- Еттің мәрмірлігі өнімнің дәмдік қасиеттерін айқындайды. Экологиялық таза да болады. Ата-бабаларымыз осындай етті тұтынған. Өнім бүгінгі заман талаптарына бейімделу керек. Сондықтан біз ет өндірушілерге ғылыми тұрғыдан көмектесеміз.


Көшпенділер азығын әзірлеу технологиясын жаңғыртып, оны өндірістік деңгейде бейімдеу мақсатында терең зерттеулер қажет. Басты талап өнімнің сапасы мен оның қауіпсіздігінде. Мәселен, бұл зертханада ұлттық тағамдардың құрамында кездесетін сүт шикізатының қасиеттері зерттеледі. Биылғы жылы өңірдің ғалымдары тауар өндірушілермен 10 млн теңгенің келісім-шартына қол қойған.


Азат Садыққалиев, кіші ғылыми қызметкер:

- Сүттің сынамасын аламыз. Кейін оның құрамын сараптаймыз. Мәселен, қышқылдығы, құрамындағы соматикалық жасушалар мен өзге де пайдалы заттардың құрамы тексеріледі. Бұл құрылғы Локтан 1.4 (бір төрт) 700-моделі деп аталады. Оның көмегімен сүттің майлылығы мен ақуызын тексереміз. Бұл көрсеткіштер жоғары болса, шаруашылықтар өндірілген өнім үшін субсидия ала алады.


Университетте тағам өнімдерінің технологиясы бойынша ғылыми мектеп қалыптасқан. Оның дамуына Еуроодақ тарапынан ұйымдастырылған байқаудағы жеңіс түрткі болды.


Құралай Исаева, техника ғылымдарының кандидаты:

- Ет пен сүт болғанда ол бір-екі түрлі тағам емес. Өйткені шикізаттың түрлері әртүрлі. Мысалы, бие сүті, түйе сүті, ешкі сүті қой сүті деп бөлінсе, еттер де түлікке қарай бөлінеді және оларды өңдеу, сақтау технологиясы әртүрлі. Сол технологияларды өнеркәсіпке арнап өзгертудеміз.


Ұлттық тағамдардың негізі болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін зерттеу мақсатында агроинновация және биотехнология ғылыми институты құрылды. Өңірде шығарылатын ет пен сүтке кешенді зерттеулер жүргізіледі. Кейін ұлттық асты әзірлеу мен сақталу әдістері жинақталмақ.


Авторлар: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков



Ақпарат көзі:24.kz



#Білім #Ғылым

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon