Поиск

Президент Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды енгізуді тапсырды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы керек. Әлемдік тенденцияны ескере отырып, математика, тіл, информатика секілді басымдықты пәндерге ерекше мән берген жөн. Оқулықтар сапасы бойынша көтеріліп жүрген мәселелер бар», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.


«Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға ешбір бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлап, енгізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.


Сонымен қатар Президент 900 мыңға жуық бала 11 мың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбеленіп жатқанын атап өтті. Алайда оның ішінде 36 пайызында кәріз жүйесі жоқ, 29 пайызы ыстық сумен және 11 пайызы жылы дәретханамен қамтамасыз етілмеген.


«Осыған назар аударыңыздар, барлық әкімдер бұл мәселені қадағалауға алуы керек», - деді Қ. Тоқаев.


Автор: Руслан Ғаббасов


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon