Поиск

Түркияда оқуға мүмкіндік беретін гранттық бағдарламаға өтінім 20 ақпанға дейін қабылданады


«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «2021 Түркия Бурслары» гранттық бағдарламасына құжат қабылданып жатқанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Түркия Республикасы тарапынан жыл сайын берілетін гранттық бағдарламаның құжат тапсыру мерзімі 2021 жылдың 10 қаңтары мен 20 ақпан күндері аралығында жалғасады. «Түркия Бурслары» гранттық бағдарламасына құжат тапсыруға байланысты ақпараттарды ресми сайттан www.turkiyeburslari.gov.tr алуға болады. Құжаттар онлайн тапсырылады.


«Түркия Бурслары» гранттық бағдарламасына құжат тапсыру тегін және оны үміткерлер тарапынан тапсырылу керек. Құжат тапсыратын үміткерлерге ақылы түрде құжат тапсырып беруді ұсынатын кісілерге немесе мекемелерге сенбеулерін сұраймыз. Құжат тапсыратын үміткерлер құжат тапсыру барысында сұрақтары туындаған жағдайда Түрік Елшілігі білім бөліміне телефон соғу арқылы (+7 7172 704 678) немесе Нұр-Сұлтан қаласы Ташенов көшесі 3, адресіндегі Консулдыққа келіп ақпарат алуларына болады», - делінген орталықтың Инстаграм парақшасында.


Сондай-ақ үміткерлер құжат тапсыруға байланысты сұрақтары бойынша Алматы қаласында Түрік Бас консулдығы Білім Бөліміне (+7 7272 784 165), Ақтау қаласындағы Түрік Бас консулдығына (+7 7292 424 300) хабарласып ақпарат ала алады.


Автор: Аян Бекенұлы


#Білім #ЖОО #Түркия


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon