Поиск

Ғани Бейсембаев: Оқушылар оқулық беттерінен қанаттануы керек


«Оқулық» РҒПО мен С.Демирель атындағы университет бірлесіп, «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» атты республикалық ғылыми конференция өткізді.


Жиында «Оқулық» орталығының директоры Ғани Бейсембаев ұйымның құзіреті аясында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Кейінгі жылдары білім мазмұнының, оның ішінде оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруіне байланысты, қоғам тарапынан сын да аз болмады. Тіпті Президентіміздің өзі бұл мәселеге назар аударып, оқулық сапасын жақсарту керектігін атады. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтпақшы, «Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап» болса, «Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек» деген қағидасына сай болу, әрине, ерекше жауапкершілік жүктейді. Тиісінше, әділдігін тікесінен айта жүріп, сарапшы ұйым ретінде кемшіліктерді түзеуге бастау – аса маңызды миссиямыз. Тіпті біз онда әлемдік өркениет жетістіктерімен шебер үйлестіре отырып, мәнді де мазмұнды тақырыптардың жазылып, айшықталуына күш салу керектігін терең ұғынамыз. Басқасы басқа, бір ғана пункт – зиянды сөздердің еніп кетпеуі мәселесінің өзі қандай көкейкесті. Бір сөз я өсіреді, я өшіреді. Булинг, суицид дегеннің түп тамыры сонда демеске лаж жоқ. Оқушылар оқу беттерінен қанаттанып, дұрыс бағдар алып, өмірге деген құлшыныстары қайралып шығуы керек. Бұл мәселелер Орталықтың да ұдайы назарында», - деп атап өтті ол.


Ғани Бейсембаевтың айтуынша, білім сапасы оқулық сапасына тікелей байланысты болғандықтан, келесі кезеңде алдыңғы кеткен олқылықтардың орнын толтыру міндеті тұр. Білім сапасын бақылау мемлекеттік білім стандарттарынан бастап оқушылардың білім нәтижелерін бағалауға дейін үздіксіз алгоритмге сай, жүйелі мониторинг жүргізу, бағалау, талдау, ұсынымдар беру түрінде жүргізілуі тиісті. Сонда ғана нақты нәтиже болмақ.


Сондай-ақ, Ғани Бейсембаевтың баяндауына қарағанда, осы мақсатта биыл бес бағыттағы жұмыстар қолға алынған:


- біріншіден, оқулықтарға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп, ҚР «Білім туралы» Заңының жобасына 4 бағытта толықтырушы тұжырымдар ұсынылды;


- екіншіден, оқулықтарды сараптаудың Жаңа жүйесі әзірленіп, сараптаудың құпиялылығы мен объективтілігін кодтау арқылы арттыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Мысалы, осыған орай тиісті бөлім өз қызметін атқаруда. Бұдан бөлек, орталықта арнайы Психолингвистикалық және психодидактикалық сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және Этномәдени сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету бөлімдері ашылған;


- үшіншіден, сыртқы сарапшылар базасын қалыптастыру мен оларды сарапшылар құрамына іріктеп алу талаптары айқындалған. Яғни, бұдан былай көптеген сындардан сүрінбей өткен үздіктер ғана сарапшылар базасына енеді.


- төртіншіден, электрондық платформаны енгізу басымдығына қозғау берілді. Дәл бұл бағытқа артар үміт зор. Себебі автоматтандыру сараптама жұмысының сапасы мен уақыт факторларына әсер етіп отырған көптеген қиындықтардың түйінін шешкелі отыр.


- бесіншіден, ашықтық пен қоғамдық бақылау жолға қойылды. Жуырда орталықтың жанынан білім беру салалары, бизнес, билік және азаматтық қоғам құрылымдары арасында тұрақты диалог орнатуға және қолдауға бағытталған арнайы Ашық қоғамдық-сараптамалық платформа құрылды. Ол ұйымның ашықтығы мен қоғамдық бақылау, жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге бағдарланған. Қоғам белсендісі Мұрат Әбенов жетекшілік ететін бұл топта Бибігүл Жексенбай, Зейін Әліпбек, Ирина Смирнова сынды азаматтар бар.


Сондай-ақ, құрамына көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ғылыми зиялы қауым өкілдері кіретін, білім мазмұнының сапасын жақсартудың өзекті мәселелерін ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан талқылайтын және ұсыныстарды қабылдауды ұйымдастыратын, осы тұрғыда орталық қызметінің сапасының артуына ықпал ете алатын Ғылыми-әдіснамалық кеңесі де жұмыс жүргізуде. Мұнда да Ғарифолла Есім, Жауымбай Қараев, Фаузия Оразбаева, Талас Омаров тәрізді мойындалған ғалымдар бар.



Автор: Аян Бекенұлы




#Білім #Ғылым


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon