Поиск

Қазақстанда жаңа үлгідегі 50 мектеп салынады


ҚР бірінші вице-премьері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен жаңа үлгідегі мектептерді салуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгінгі күні өңірлерде 34 апатты және 151 үш ауысымды мектеп бар және барлық 17 өңір бойынша жалпы тапшылық 168 мыңнан астам оқушы орнын құрайды. Бұл ретте демографиялық трендтерге және жұмыс істеп тұрған мектептердің тозуына байланысты осы көрсеткіштің артуы болжанып отыр.


Аталған проблемаларды шешу мақсатында жыл сайын республикалық бюджеттен орта есеппен 175 млрд теңге бөлінеді. Бұл мәселені таяу болашақта тек мемлекеттік бюджет есебінен реттеу үлкен қаражат бөлуді талап етеді. Проблеманың баламалы шешімі ретінде әрбір оқушы үшін жан басына қаржыландыру форматындағы мемлекеттік қолдау құралын қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру болды.


Қолдау шараларының кеңейтілген пакетін жариялау жетекші отандық құрылыс салушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта BI-Group құрылыс холдингі жаңа буындағы «BINOM мектептерін» салуға және оған қатысу туралы ұсынысын қолға алды.


Холдинг еліміздің барлық өңірлерінде 170 мың орындық 50 мектепті кезең-кезеңімен салуды жоспарлап отыр. Мектептердің басым бөлігі тапшылық байқалған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында салынады.


Жаңа буын мектептері неғұрлым заманауи материалдық-техникалық жабдықталуымен, мұғалімдер мен оқушылар үшін жоғары қолайлы жағдайларымен ерекшеленетін болады, есесіне оң әлеуметті нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.


Ә.Смайыловтың тапсырмасы бойынша барлық мектептер үшін жаңа құрылыс моделіне арналған техникалық жабдықтар мен жабдықтардың бірыңғай пакеті жасалады.


Жобаны іске асырудың 5 жылы өткеннен кейін мектептер мемлекет меншігіне өтетінін атап өту қажет. Бұл тәсілді қолдану білім беру инфрақұрылымын жақсартуға және оң әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.


Автор: Марлан Жиембай


#ҚР Үкіметі #Білім #Құрылыс

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon