Поиск

Қазақстанда ЖОО-лардың рейтингі қалай жасалады


«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов Қазақстандағы ЖОО-лардың рейтингі қалай жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Рейтинг аясында 2 мың білім бағдарламасы зерттелді. Жоғары оқу орнын бітірген 68 мың түлектің жұмысқа орналасу көрсеткішін талдадық. Қазақстанның барлық өңірінен салалық сарапшыны тарттық. Осының нәтижесінде 108 ЖОО бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды жасалды. Рейтинг негізі 17 критерий бойынша жүргізілді. Оның ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы, олардың орташа жалақысы, жұмыс іздеу құжаттары мен бағдарламаның өзектілігі бағаланды», - деді Азамат Бейсенбенов Білім және ғылым министрлігінің онлайн отырысында.


Рейтинг қорытындысы бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы 71 пайызды құраған. Оның 58 пайызында тұрақты зейнетақы аударымдары бар.


«Түлектердің орташа жалақысы - 118 мың теңге. Карантин шараларын енгізу бағытында ақпараттық қауіпсіздік түлектерін жұмысқа орналастыру 24 пайызға өсті. Сондай-ақ кеден ісі және қоғамдық байланыс мамандығын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 20 пайызға артқанын атап өткен жөн», - деді ол.


Автор: Аян Бекенұлы


#Білім #Ғылым #ЖОО #ҚР Білім және ғылым министрлігі #Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon