Поиск

Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру көлемі артуы мүмкін


Cенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».


Құжатқа енгізілетін жаңа нормалар ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың ашықтығын көздейді. Айта кеткен жөн, елімізде қазір 20 мыңнан астам ғылыми қызметкер бар. Соңғы 2 жылда отандық ғылым саласын қаржыландыру көлемі артты. Мәселен, былтыр 2019 жылғы кезеңмен салыстырғанда 42%-ке ұлғайған. Жыл сайын 50-ге жуық ғалым «Үздік ғылыми қызметкер» атанады. Докторантура бойынша жылына 2 мың грант мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Болашақта отандық ғылыми зерттеу жұмыстарының шет тілдеріне аударылып, жариялануына мән беріледі. Плагиатқа жол бермеу және авторлық құқықты қорғау талаптары да қатаңдатылады.


Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Заң жобасында қарастырылып отырған нормалар ғылым саласын ары қарай дамытуға үлкен үлес қосады деп күтілуде. Соның ішінде ғылым саласындағы нақты енгізіліп отырған заң нормасында өзгерістер. Оның ішінде нақты ғылыми кеңестердің жұмысын үйлестіруге, Ұлттық ғылыми сараптама орталығы жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге және де ғылым саласына бөлініп отырған қаржының ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті нормалары ғылым саласының, оның ішінде ғылыми зерттеулердің бүгінгі күнгі еліміздің саяси әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесін ұлғайтады деп күтіледі.


#Қаржыландыру #Заң жобасы


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon