Поиск

150 ұстаз «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленді


«ЖОО үздік оқытушысы – 2020» конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.


Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 5 834 000 теңге (2000 АЕК) көлемінде грант жеңіп алды.


Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі алғаш рет ақпараттық жүйенің көмегімен онлайн форматта өткізілді. Конкурсқа қатысушылардың қызметі оқыту сапасы мен ғылыми-зерттеу жетістіктері бойынша бағаланды. Конкурс нәтижелері министрліктің сайтына орналастырылды.


Республикалық сарапшылар тобы әрбір құжаттың сәйкестігін мұқият тексерді. Сондай-ақ комиссия құрамына ҚР БҒМ «Adal Bilim» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалық кеңсесінің өкілдері, ғалымдар мен оқытушылар, соның ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының өткен жылдардағы жеңімпаздары кірді.


Министр білім және ғылым жүйесі үшін мұндай конкурстардың ашық түрде өтуі маңызды екендігін ерекше атап өтті.


«Пандемия кезінде еліміздің жоғары білім беру жүйесі маңызды сынақтан өтіп, ЖОО-лардың жұмысы жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Осы ретте сын-қатерлерді мүмкіндік ретінде қабылдауға тиіспіз. Қандай да бір қиындықтар мен қолайсыздыққа қарамастан, қазақстандық оқытушылар бұл жағдайға тез бейімделді. Бүгінгі таңда біздің алдымызда оқытушының беделін арттыру, еңбек жүктемесін азайту, еңбекақыны көбейту, оқытушыларды өзіне тән емес функцияларға тартуға жол бермеу бойынша және еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басқа да бірқатар маңызды міндет тұр», – деді министр Асхат Аймағамбетов.


Конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты.

Автор: Аяулым Алтынбек



#Білім #ЖОО #ҚР Білім және ғылым министрлігі


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon