Поиск

18 қаңтардан ЖОО-ларда қандай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды


18 қаңтардан бастап жоғары оқу орындарында қай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазіргі таңда Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті – 619 861 адамды құрайды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылғы қыркүйек айында коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарында оқыту процесі қашықтан және аралас форматта басталды. Бұл үшін ЖОО-лар қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізді», - деді Мирас Дәуленов.


Оның айтуынша осы жылдың 18 қаңтарынан бастап 1 курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқи бастайды.


«Нақтырақ айтқанда, лекциялар онлайн форматта ұйымдастырылады. Ал семинарлар, зертханалық және практикалық оқулар дәстүрлі форматта оқиды. 2, 3, 4-інші курс студенттері үшін оқу форматы бұрынғыша қалады. Жоғары оқу орындары осы форматта студенттерді қабылдауға дайын», - дейді ол.



Автор: Аян Бекенұлы


#Білім #ЖОО #Қоғам #ҚР Білім және ғылым министрлігі #Коронавирус


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon