top of page
Поиск

Сегодня в Библиотеке Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации состоялось обсуждение ос


По словам заместителя директора Библиотеки Лидера Нации Бейсембая Жумабекова, масштабные экономические реформы требуют преобразования общественного сознания. В програмной статье Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева отражены важные приоритеты духовного развития казахстанского общества.

Ведущий научный сотрудник Службы социально-просветительских проектов Ляйля Иватова отметила воспитательное значение статьи Нурсултана Назарбаева. «Сегодня вектор развития Казахстана определяет образ нашей страны как общества максимальных возможностей, где уважается личность и свобода человека, ценятся честь и достоинство, присутствует высокая мораль, этические стандарты и духовные ценности.Общечеловеческие духовные ценности познаются только через призму национальной духовной культуры, через изучение духовного и культурного наследия своего народа как сокровищницы общечеловеческих ценностей. В этом смысле статья Президента Н. А. Назарбаева «Взгляд в будущее: Модернизация общественного сознания» имеет большое воспитательное значение. Глава государства отмечает, что настало время, когда для молодежи нужны современные наглядные примеры мужества, героизма, трудового вдохновения, нужны новые идеалы».

В январе этого года в Послании Глава государства объявил о начале Третьей модернизации Казахстана, которая предполагает политические реформы и модернизацию экономики, конечная цель которой - войти в тридцатку развитых государств мира. Но успешное достижение поставленной цели возможно лишь при глубокой духовности, крепких национальных устоях, их развитии и возрождении, которым посвящена статья Лидера нации.

«В условиях информационного общества оставаться конкурентоспособным и успешным, задача архисложная. Она требует научного, программного подхода. Выделяя несколько направлений модернизации сознания, такие как конкурентоспособность, прагматизм, культ знания, открытость сознания Н.А.Назарбаев акцентирует наше внимание на вопросах образования. Ведь образование – это фундаментальный фактор успеха в будущем», - отметила ведущий научный сотрудник Службы социально-просветительских проектов Сагинтай Бердагулова.

________________________________________________________________________________________________

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттары кеңінен талқыға салынды.

Жиынды ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Бейсембай Жұмабеков ауқымды экономикалық реформалар қоғамдық сананы жаңғыртуды талап етеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы мақалада оның маңызды басымдықтары мен бағыттарын айқындап берді.

Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Ғазиз Телебаев қоғамдық сананы жаңғырту мемлекеттің дамуына, елдегі бірлік пен келісімнің нығаюына жетелейтінін ерекше атап өтті. «Технологиялық жаңғыруға арналған биылғы Жолдаудан және саяси жаңғыруға бағытталған конституциялық реформадан кейін маңызды қадам рухани жаңғыру қолға алынбақ. Елбасының мақаласында белгіленген мақсат-міндеттер – өте өзекті. Алмағайып әлем жылдам түрде өзгеруде. Оған жұдырықтай жұмылған ұлт болып бейімделуіміз қажет. Латын әліпбиіне көшу, туған жерді көркейту, гуманитарлық білім беру, мәдениетті заманауи қалыпқа келтіру, құндылықтардың бүкіл қазақстандық шеңберін құру, замандастарды құрметтеу – барлығы нақты тапсырмалармен ұласады, барлығына іске асырылатын уақыт берілген», - дейді ол.

Жиын барысында Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Ләйла Иватова Елбасы мақаласының тәрбиелік маңыздылығы мен мәніне көпшіліктің назарын аударды. «Бүгінде Қазақстанның даму бағдары елімізде тұлға және адамның бостандығы құрметтелетінін, ары мен абырой бағаланатынын, адамгершілік қағидалары мен рухани құндылықтар жоғары екендігін паш етеді. Жалпы адами рухани құндылықтар ұлттық мәдени құндылықты, асыл қазынаға айналған халықтың мұрасын зерделеу арқылы дамытылады. Бұл бағытта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тәрбиелік маңыздылығы зор. Жастар үшін ерліктің, нағыз еңбексүйгіштіктің, отанға деген сүйіспеншіліктің өнегесіне айналатын замандас тұлғалар қажет. Кейінгі толқын оларға бой түзеп, жігерленуі тиіс. Тағылымды тұлғалардың қатарын көреген Елбасымыз бастауы қажет», - дейді Ләйла Мырзалиқызы.

Жиын барысында Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Сағынтай Бердағұлова стратегиялық маңызды мақалада білімнің маңыздылығына ерекше назар аударылғанын алға тартты: «Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті және табысты атану – күрделі міндет. Бұл ғылыми, бағдарламалық көзқарасты талап ететіні даусыз. Мемлекет басшысы ұлттық сананы жаңғыртудың маңызды бағыттарын белгілеп, білімді және көкірегі ояу болуға ұмтылудың қажеттігін айқындады. Себебі білім беру саласы – келешекте табысқа қол жеткізудің кілті».

bottom of page