13 апреля 2017 года в г.Астана под председательством вице-министра образования и науки Республики Ка
Информация о приеме документов на конкурс для обучения в вузах Китая и Венгрии были размещены на официальных сайтах Министерства образования и науки РК и АО «Центр международных программ», а также в социальных сетях.
На заседании Комиссии приглашены депутаты Парламента РК как наблюдателей, а также представители СМИ.
Согласно Соглашению между Министерством образования и науки Республики Казахстан и Министерством человеческих ресурсов Венгерской Республики о сотрудничестве в области образования, венгерская сторона предоставила 200 грантов: 90 стипендий на получение степени бакалавра; 90 стипендий на получение степени магистра; 20 стипендий на получение докторской степени (PhD).
Прием документов от претендентов осуществлялся с 16 января по 5 марта текущего года. Всего подано 227 заявок. Основные критерии отбора: сертификат, подтверждающий знание иностранного языка (IELTS 5.0) по требованию венгерской стороны; соответствие диплома об образовании баллу не менее 4,5 (из 5,0) либо 3.0 (из 4.0) по GPA.
Также, на основании соглашения между Министерствами образования Республики Казахстан и Китайской Народной Республики о сотрудничестве в области образования на 2017/2018 учебный год, китайская сторона предоставила 55 стипендий для обучения казахстанских граждан.
Прием документов претендентов осуществлялся с 13 февраля по 10 марта текущего года. Всего подано 210 заявок на обучение. Основные критерии отбора сертификат, подтверждающий знание китайского языка (HSK) согласно вышеназванному Соглашению; соответствие диплома об образовании баллу не менее 4,5 (из 5,0) либо 3.0 (из 4.0) по GPA.
Открывая заседание Комиссии, вице-министр Эльмира Амангельдиевна остановилась на новых задачах, обозначенных Главой государства в рамках Третьей модернизации страны. Вице-министр отметила переориентацию международных грантов на наиболее перспективные отрасли для обеспечения ускоренного экономического роста.
Подводя итоги заседания, вице-министр образования и науки Республики Казахстан Э.А. Суханбердиева дала ряд поручений по расширению географии международных договоров в сфере образования.
________________________________________________________________________________________________
2017 жылдың 13 сәуірінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның төрағалығымен Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өттi
Қытай және Мажарстанның жоғары оқу орындарында оқу үшін конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы ақпарат Білім және ғылым ми.нисьтрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Комиссия отырысына ҚР Парламенті депутаттары бақылаушы ретінде, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Республикасы Адами ресурстар министрлігі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес мажар тарапы 200 грант ұсынды, олардың ішінде: бакалавр дәрежесін алу үшін 90 стипендия; магистр дәрежесін алу үшін 90 стипендия; доктор (PhD) дәрежесін алу үшін 20 стипендия.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдың 16 қаңтарынан 5 наурызына дейін жүзеге асырылды. Барлығы 227 өтінім келіп түсті. Іріктеудің негізгі өлшемшарттары: мажар тарапының талабы бойынша шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (IELTS 5.0); білім туралы дипломның кемінде 4,5 (5,0-ден) немесе 3.0 (4.0-ден) GPA балына сәйкес келуі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Білім министрліктері арасындағы білім саласында ынтымақтастық туралы келісім негізінде қытай тарапы 2017 – 2018 оқу жылында қазақстандық азаматтарды оқыту үшін 55 стипендия ұсынды.
Үміткерлер құжаттарын қабылдау үстіміздегі жылдың 13 ақпанынан 10 наурызына дейін жүзеге асырылды. Оқу үшін 210 өтінім тапсырылды. Іріктеудің негізгі өлшемшарттары: жоғарыда аталған Келісімге сәйкес қытай тілін меңгергенін растайтын сертификат (HSK); білім туралы дипломның кемінде 4,5 (5,0-ден) немесе 3.0 (4.0-ден) GPA балына сәйкес келуі.
Комиссия отырысын аша келе, вице-министр Эльмира Амангелдіқызы Мемлекеттік басшысы Елді үшінші жаңғырту шеңберінде белгілеген жаңа міндеттерге тоқтады. Вице-министр халықаралық гранттардың үдемелі экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін болашағы мол салаларға қайта бағдарлануын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Суханбердиева отырысты қорытындылай келе, білім саласындағы халықаралық шарттар географиясын ұлғайту бойынша бірқатар тапсырма берді.