Поиск

ШҚМУ-да «ХХІ ғасыр мектебі: басқарудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» өңірлік конференциясы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыстық білім басқармасының, Өскемен білім бөлімінің қолдауымен мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары басшыларының «ХХІ ғасыр мектебі: басқарудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» өңірлік конференциясы өтті.

Конференцияға қатысушылар – мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары басшылары, ғалымдар, біліктілікті арттыру жүйесінің қызметкерлері, ЖОО-лардағы кәсіптік бағдарлау орталақтарының, бөлімдерінің басшылары мен мамандары.

– Бұл іс-шара өзекті әрі қажетті, – деген Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Жанат Айтпаева өз мекемелерінің ШҚМУ-мен оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, кадрлық, кәсіптік бағдарлау бағыттарындағы әріптестікке көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Облыс әкімдігі мұрындық болған «Білікті маман» бағдарламасы аясында қаладағы 46 мектептің түлектерін ШҚМУ-ға тарту жұмысы жүргізілуде. Университеттің ашық есік күндеріне 1300-ден астам оқушы шақырылды. 700 оқушы ШҚМУ өткізген өңірлік пән олимпиадаларына қатысты. 7-11 сыныптардың 1 мыңнан аса оқушысы және олардың ата-аналары «My pro» фестиваліне, стенд-мобтарға атсалысты. ҰБТ-ға дайындалу мақсатында мектеп түлектері ШҚМУ ұйымдастырған «Шығыстың алтын қоры» дайындық курстарына келіп жүр. Ынтымақтастықтың тағы бір түрі – ғылыми мектептер, олардың аясында физика, математика, химия, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, биология, дене шынықтыру пәндері тереңдетіліп оқытылады. Ғылыми жетекшілікті оқу орнының ғалымдары жүргізеді.

ШҚМУ – қаладағы оқу орындарына педагогтар дайындайтын негізгі университет. Оқу орнында химия, биология, информатика, физика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын, роботты техника сабағын жүргізетін мұғалімдер де даярлануда. Сондай-ақ, ШҚМУ кафедраларының 10 филиалы мектеп, балабақшаларда ашылған.

– ШҚМУ – 67 жыл бойы Шығыс өңірін педагог мамандармен қамтып келетін көпбейінді оқу орны. Бүгінде университет елдегі ЖОО-лардың ұлттық рейтингісінде 7 орын алады, – деді құттықтау сөз алған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Ректордың айтуынша, маман даялау сапасы рейтингпен және жұмысқа орналасу көрсеткішімен анықталады. Соңғы бірнеше жылдар ішінде ШҚМУ-ды педагог мамандығы бойынша тәмамдаған түлектердің еңбекпен қамтылу деңгейі 98 пайызды құрап келеді, бұл – елдегі үздік көрсеткіштердің бірі.

Пленарлық отырыста «Өрлеу» орталығы филиалының директоры С. Байхонова, ҚАЕУ колледжінің директоры М. Кикина, «Qazprofteс» ЖШС директоры А. Жақыпов (Нұр-Сұлтан қаласы)және тағы басқалар баяндамалар жасады.

Басқосу ғылыми-білім беру орталықтарында шеберлік сыныптары формасында жалғасты.

Іс-шара соңында №5 оқу ғимаратына экскурсия жасалып, қорытынды шығарылды, қатысушыларға сертификаттар берілді.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon