Поиск

Алматылық оқушылар мегаполистер арасындағы олимпиададан жүлделі оралды

Мәскеу қаласында өткен IV Халықаралық мегаполистер олимпиадасынан алматылық оқушылар жүлделі оралды. Әлемнің 45 ірі қаласының оқушылары қатысқан бұл сайыста олар үшінші командалық орынды иеленді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің бастамасы бойынша өткен шараның қорытындысы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің Мәдениет сарайында шығарылды.

Жеке есеп бойынша «БІЛІМ - Инновация» лицейінің оқушылары Мирас Нағашыбек, Дәлен Әмір үшінші, Дінмұхамед Тұрсынбай екінші орынды жеңіп алды. «Heileybury Almaty» мектебінің оқушысы Нұртас Шынтас екінші, №165 мектеп оқушысы Александр Плотников пен №161 мектеп оқушысы Санжар Бегдайыр үшінші орындарды иеленді.

Олимпиадаға Нью-Йорк, Берлин, Баку, Гонконг, Дели, Дюссельдорф, Иерусалим, Милан, Минск, Мәскеу, Пекин мен әлемнің өзге де қалаларының оқушылары қатысты. Олар математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша сайысқа түсті.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon