Бакуде Қазақстан мәдениеті мен әдебиет орталығы ашылды
Әзербайжан ұлттық кітапханасында Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің орталығы ашылды.
Жоба алтыншы Баку халықаралық кітап көрмесіннің аясында жүзеге асырылып отыр. Мұндай орталық әлемнің 30-дан астам елінде бар. Мақсат – қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін және әдебиетін кеңінен таныстырып, насихаттау. Мұнда қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған кітаптар қойылды. Жалпы Әзербайжан ұлттық кітапханасына 200-ден астам кітап сыйға тарту етілген.
Әлия Қожабекова, ұлттық академиялық кітапхана директорының орынбасары:
– Біз осымен отыз үшінші елде Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті бұрышын ашып отырмыз. Мемлекет басшысы «Әлемде танымал болу үшін мәдениетімізді насихаттауымыз қажет» деген еді. Міне Қазақстанның тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ғылымын, жетістіктерін осы кітаптар арқылы жеткізуді көздейміз. Оқырмандар іздеген кітаптарын табатын орталықтың пайдасы көп болар деп сенеміз.