Поиск

Алматыда 20750 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген



Алматы қаласында жалпы білім беретін 205 мектепте 20750 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды «Хабар 24».


Алайда, 2015-2016 оқу жылынан бастап жалпы бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру тоқтатылған. Ал, мектептерді материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешілген. Енді келер жылы «Жас маман» республикалық жобасы аясында қаладағы 18 колледжді жабдықтау көзделіп отыр. Демографиялық өсімге және сырттан келушілердің қатары көбейгендіктен, қала мектептерінде 30 мың оқушыға орын тапшы болып отырғаны жасырын емес. «Бұл да алдағы бес жылда кезең-кезеңімен шешіледі», - дейді білім басқармасының басшысы.

Гүлнәр Қожабергенова, қалалық білім басқармасының басшысы:

- Қазір Алматы қаласы бойынша 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар құрылды. Ол жоспарда мектептер және балабақшаларды салу қарастырылған. Осы 2020 жылы 8 жаңа мектептің құрылысы басталады. Әрқайсысы 1500 немесе 1800 орыннан орта есеппен алғанда, 12900 орынға 8 мектеп салынатын болады.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon