Поиск

Қазақстандық Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітіреді



Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жастағы Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр дипломын алады, деп хабарлайды "Хабар 24".


«Соңғы күндері бүкіл әлем тоғыз жасар бельгиялық Лоран Симонстың ерекше дарыны жайлы пікір таластыруда. Электротехника бойынша білім алып жатқан жас дарын жер жүзін аузына қаратып, тез оқу қабілетімен жұртты таң қалдыруда. Біздің елде де сондай дарынды балалар жетерлік. Солардың бірі Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады», - деп Білім және ғылым министрлігінің Facebook парақшасында жарияланды.


Жас данышпан осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша білім алуда.


Ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат еткен.


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon