Поиск

Қ.Тоқаев: Қазақстан кибермемлекетке айналуы тиіс


Astana Hub отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Цифрландыру – заман талабы.


«Цифрландыру – заман талабы. Astana Hub отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. Digital Centre (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парашасында.

Өз сөзінде Astana IT University және Alem бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын айтты. «Олар – озық Қазақстанның қозғаушы күші. ҚР өңірдегі кибермемлекетке айналуы тиіс. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты», - деді Қ.Тоқаев.


Ақпарат көзі: «Хабар 24»