Поиск

«Болашақ» стипендиатының мүліктік кепілі жұмыс беруші келісімшартымен алмастырылуы мүмкін



«Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алғысы келген азаматтар мемлекет алдындағы мүліктік кепілін болашақта жұмыс берушінің келісімшартымен алмастыра алуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Шынымен де, кепілдік мүлікпен қамтамасыз ету мәселе бар. Біз жаңа ереже аясында жұмыспен өтеумен қатар кепілдік мүлікке де қатысты ыңғайлы әдісті қарастыратын боламыз. Шетелге оқуға жіберуге тапсырыс беруші, Халықаралық бағдарламалар орталығы және университет арасында бірлескен үшжақты келісімшарт жасасу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының ережесі өзгереді. Оған сәйкес, 2020 жылдан үміткерлерге жаңа талап қойылады.

Атап айтқанда, басымдыққа ие мамандықтарға баса назар аударылады. Стипендияға үміткерлер ағылшын тіліне жетік болғандықтан келесі жылдан бастап шетелге жібермес бұрын тілдік дайындықтан өту талабы алынып тасталады. Сонымен қатар, «Тағы бір жаңалық - біз мемлекеттік қызметшілер үшін, инженерлік-техникалық мамандықтар үшін квотаның барлық түрі жойылады.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon