Елімізде биылғы түлектердің алғашқы легі ҰБТ тапсырды

16-20 қаңтар күндері еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орынында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасаған Елорда-Инфо хабарлады.
«ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берді», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Ұлттық бірыңғай тестілеуді 99 ҰБТ өткізу пункті базасында 820 аудитория пайдаланылады.
Естеріңізге салсақ, биылдан бастап ҰБТ-ға өзгеріс енгізілген болатын. Яғни бұрынғыдай ұлттық бірыңғай тестілеу қағаз емес, электронды түрде өткізілсе, түлектер тестті 4 кезең бойынша тапсырады. Мәселен, ақылы оқуға тапсыратын оқушылар ҰБТ-ны қысқы уақытта тапсырса, мемлекеттік грант иеленуге үміткерлер маусым айында тапсыратын болады.
Ақпарат көзі: 24.kz