Поиск

Маңғыстау облысында үш ауысымды мектеп саны тоғызға жетті


Маңғыстау облысында үш ауысымда оқытатын мектеп саны тоғызға жетті. Екі жыл бұрын алтау болатын. Білім басқармасындағылар бұл көрсеткіштің әлі де өсетінін жоққа шығармайды.


«Бұған атамекеніне оралған қандастарымыздың саны мен табиғи бала туудың жыл санап артуы себеп» - дейді мамандар. Осы мәселені шешу үшін биыл Ақшұқыр және Батыр ауылдарында және Ақтаудың 34-шағын ауданында жаңа мектеп қолданысқа берілмек. Мұның сыртында жыл аяғына дейін тағы алты мектептің құрылысы басталуы керек. Бұл білім ордалары жеке кәсіпкерлердің қаражатына салынады.


Асқар Сейдалиев, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Үш ауысымды мектептер проблемасы өзекті болып тұр қазіргі таңда. Біз статистикаға анализ жасағанбыз. Алдағы бес жылда, яғни 2024 жылға дейін облыста балалардың саны 72 мыңға артады екен. Мектепке келуші балалардың саны. Жыл сайын 5000-6000 бала мектеп бітіретін болса, жыл сайын 1-сыныпқа келушілердің саны 19 мыңның үстінде. Осыған байланысты екі қосымша ашылды, 320 орындық осы Ақтау қаласындағы екі мектептің жанынан. Сонымен қатар жоспарымыз бойынша үш мектеп құрылысын осы жылы аяқтаймыз.


Ақпарат көзі: 24.kz

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon