top of page
Поиск

Елімізде қай мамандықтың иелері тапшы


Электрондық еңбек биржасының мәліметтері бойынша, елімізде күзетші, қазандық операторлары, патрульдік инспекторлар, медбикелер мен тәрбиешілер тапшы.

Ал заңгер, экономист, қаржыгер және мал шаруашылығы саласындағы мамандар өте көп, деп хабарлады finprom.kz.

Қазақстанда жұмыссыздық көбінесе халық тығыз орналасқан аймақтарда байқалады. Атап айтқанда, Алматыда (49,2 мың адам), сондай-ақ Алматы облысында (48,2 мың адам) және Түркістан облысында (42,1 мың адам) жұмыссыздық деңгейі жоғары.

Қазақстанда 300 мыңға жуық жас жұмыссыз екенін жазған болатынбыз.

Ал әлемде қанша адам жұмыссыз екенін мына жерден оқуға болады. Қазақстанның еңбек нарығында қандай мамандар сұранысқа ие?

bottom of page