Поиск

Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетін сотқа берді



«Астана» университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тексеру жұмыстарына кедергі жасап, қажетті құжаттарды ұсынбады.


Лауазымды тұлғаларға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде кедергі жасау фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта тиісті материалдар соттың қарауына жіберілді.


Естеріңізге салайық, 2019 жылы «Астана» университеті білім беру жұмыстарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша жоғары дәрежеге ие болды. Осыған байланысты университет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілді.


Ағымдағы жылдың 12-ақпанында ҚР БҒМ тарапынан университетке профилактикалық бақылау жүргізу туралы хабарлама жіберілді. Келесі күні тиісті акт Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тіркелді. 17-ақпанда Университет Комиссияға жоғарғы оқу орнына кедергісіз кіруді қамтамасыз етіп, бақылау нысанына сәйкес қажетті құжаттарды немесе олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті болды.


Алайда, «Астана» университеті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 155-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын бұзып, Комиссияға тиісті құжаттарды ұсынбады.

Ақпарат көзі: ҚР БҒМ баспасөз қызметі

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon