Поиск

ҚазҰУ – мүмкіндікке толы инновация мекені



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – Қазақстанның жетекші университеті болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-ларынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-210 ең үздік университеттер қатарына кірді. Университет 13 позицияға жоғарылап, 207-ші орынға тұрақтады.

Білім ордасы жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бұл сізге көптеген мамандықтарды таңдауға мүмкіндік беретін оқу орны және ғылыми кешен, 180-нен астам мамандықтарды қамтиды. ҚазҰУ Қазақстан Республикасы бойынша магистранттар мен докторанттардың саны жағынан көшбасшы. Сондай-ақ, ҚазҰУ мемлекеттік білім беру тапсырысы (оқу гранттары) бойынша көшбасшы болып саналады. ҚазҰУ оқытудың халықаралық бағдарламасын жүзеге асыруда,студенттермен алмасу және тағылымдамалар өткізуде әлемдегі 400-ден аса ірі халықаралық ЖОО-мен әріптестік байланыс орнатқан. Магистранттар жаһандық жүйесіне кіретін кез-келген университетінде семестр оқуға мүмкіндік алады.

Бұл жетістіктерге Экономика және бизнес жоғары мектебінің менеджмент және кафедрасының өзіндік үлесі бар. Менеджмент кафедрасында оқытудың инновациялық әдістері, зерттеу дағдылары мен әлеуетін меңгерген білікті профессор-оқытушылар құрамы қалыптасып, жетілдірілуде. Студенттер бакалавриат бағдарламасы бойынша менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарына қабылданады. Олар келесі мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алады: менеджмент, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару. Докторантурада оқыту келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару. Білімнің халықаралық интеграциясы мақсатында студенттермен алмасу жəне қос диплом алу бағдарламалары бар. Бұл студенттер, магистранттар және де докторанттар үшін үлкен мүмкіндік.

Қазір елімізде инновацияға ерекше көңіл бөлінеді. Кез-келген компанияның және жалпы экономиканың сәтті өркендеуінің шарты – инновациялық компонентті дамыту. Бұл үшін өндірістегі немесе ғылымдағы білікті техникалық мамандардан басқа, инновациялық ойлау қабілеті бар білікті басқарушы кадрлар қажет. Осыған орай, менеджмент кафедрасының «Инновациялық менеджмент» мамандығын атап өтуге болады. Бұл мамандыққа оқу жоспарын жеке мамандандыруды және тіпті инновациялық және технологиялық бизнестің барлық бөлімдерін енгізді. Инновациялық менеджер мамандығының болашағы зор. Инновациялық менеджер – қазіргі Қазақстанның жаңа буынының кәсібі.

ҚазҰУ түлектерінің еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілетті екендігіне сенімдіміз. Осыған орай, ҚазҰУ-да сапалы білім алуға және өз саласының маманы болуға керемет мүмкіндік бар.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon