Поиск

Асхат Аймағамбетов: Баспалардың алдына электронды оқулықтар болуы керек деген талап қойдық


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім және ғылым салаларын цифрландыру жұмысы қалай атқарылып жатқаны туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Өткенде мемлекет мұғалімдердің жалақысын өсіргенде жұмыста отырып алып, «өрт сөндіруші» болып кеттік. Қай жерде ақша төленді, қай жерде төленбеді – бәрін бақылап отыруға тура келді. Себебі білім жүйесінің сипаты өте орталықтандырылған. Әр аудан немесе облыста айлық төлеу, шәкіртақы немесе сыйақы беру жұмыстары мәселе туындатады. Сол себепті қысқа уақыттың ішінде қаржыландыру саласында цифрландыру жұмыстарын жүргізу керек», - деді Асхат Аймағаметов қашықтан оқыту технологияларын қолданудың проблемалары талқыланған онлайн режимдегі кездесуде.


Министрдің айтуынша, Ғылыми жұмыстарды тіркеудің қазақстандық индексінде ғалымдардың базасы, өтінімдердің тізімі, есептілік те енгізілмек.


«Мәселен белгілі бір ғалым осынша қаражат алды десек, ол ақшаны қалай пайдаланғанын, есептілік қалай болғанын тексеріп отыруға болады. Колледждерде де орта білімдегідей проблемалар қордаланып тұр. Атап айтқанда білім беру контенттері тұрғысында қиындықтар бар. Платформалар бар десек те, контент, электронды жаттығу алаңы, электронды оқулық та жоқ», - деді ол.


Асхат Аймағамбетов министрліктің қазіргі таңда мектептер бойынша электронды оқулықтарға баса маңыз беріліп жатқанын жеткізді.


«Көп адам былайғы кітапты электронды форматқа ауыстырды – бітті, мәселе шешілді деп ойлайтын болу керек. Кей жерде солай аударылып та жатыр. Бірақ қашықтан оқытудың талабына сай келетін лайықты электронды оқулықты дайындап жатқан баспалар бар. Қазір атын атағым келмейді. Баспалардың алдына электронды оқулықтарымыз болуы керек деген талап қойдық. Балаларға ол қолжетімді болуы тиіс», - деді ол.


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon