Поиск

Асхат Аймағамбетов: Мұғалімдер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр


Мұғалімдер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісінде өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазір мұғалімдердің жұмыс жүктемесі бірнеше есе артып кетті. Олар тәулік бойы жұмыс істеп жүр десе болады. Олар аз уақыт ішінде жаңа жағдайға бейімделе алғандары үшін үлкен алғыс айтамын. Қазіргі уақытта ата-ана баласымен отырғандықтан, балаларының білім алуына көмектесіп жатыр. Олар педагог болудың қаншалықты қиын екенін түсінген болар. Бұл да олар үшін – үлкен сабақ. Бір сыныпта отырған 25 балаға сабақ беріп, келесі сыныпқа кету мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы көп. Ұстаздардың еңбегіне, олардың табандылығына алғыс айтамыз», - дейді Асхат Аймағамбетов.


Министр қашықтан оқытудың кейбір оқушыларға жақсы әсер еткенін де атап өтті.


«Ата-ана мен баласы бірге сабақ қарау – қалыпты жағдай. Ата-аналардың түсіністікпен қарауын сұраймын. Мұғалімдердің көбі жақсы оқитын бала қашықтан оқыған кезде де жақсы оқуын жалғастыра беретінін айтады. Ал мектепте белсенді емес, орташа оқитын балалар қашықтан оқыған кезде керсінше белсенділік танытып, терең сұрақтар қойып, өздерін мүлде басқа қырынан көрсетуде», - дейді ол.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon