Поиск

Қазақстанда қай мамандықтар сұранысқа ие

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев отандық еңбек нарығында сұранысқа ие болған мамандықтар тізімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жұмыс орындарына келсек, қазір механизаторлар, жүргізушілер, аспаздар, тәрбиешілер, тігіншілер, сауда өкілдері, даяшылар көп сұранысқа ие. Көп жағдайда мұнда колледж түлектері жұмыс істейді және бірқатар санат арнаулы білімді талап етпейді», - деді О. Ордабаев «ЖОО рейтингі: Қазақстандағы ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер» онлайн конференциясында.


Сонымен бірге, спикер жоғары білім мамандықтары арасындағы танымал бағыттарды атады.


«Жоғары білім бойынша агрономия, құрылыс, менеджмент, есеп пен аудит, жалпы медицина мамандықтары танымал. Әсіресе, агроном, инженер-смета, инженер-жобалаушы, жарнама бойынша менеджер, есепші, экономист, психолог, жалпы практика дәрігерлеріне жұмыс орны көп. Ауыл шаруашылығы мамандарына үлкен сұраныс бар екенін көріп отырмыз, өкінішке қарай бұл мамандықта оқыған түлектер ауылға бармайды», - деді Олжас Ордабаев.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon