Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі

Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Биылғы жылы ҰБТ-да санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.
ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл – 140.
Жаңашылдықтар: Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру; Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік; SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару; Шекті балл жинамағандарға ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі; Болашақ педагогтер үшін шекті балл - 70; ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады.
Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды; ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі; Тестілеу уақыты 4 сағатқа созылады.