Поиск

Педагогтер құқығы бұзылып жатыр: Білім министрлігі бірқатар басшыға жаза белгіледі



«Педагог мәртебесі туралы» Заңы және ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы аясында Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының м.а. педагогтерден артық есеп беруді талап еткен. Сондай-ақ, Түркістан облысының орта мектеп директоры педагогке өзінің қызметіне жатпайтын функцияларды жүктеген.


«Мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысы уақтылы төленбегені үшін Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, мектеп жөндеуге қаражат жинау фактісі бойынша Павлодар қаласының мектеп директоры жауапқа тартылды», - делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында.


ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда аумақтық департаментке хабарласқан жөн екендігін еске салады.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon