Поиск

Балабақшаға орынды үлестірудің жаңа жүйесі белгілі болды



ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшамен 100 пайызға қамту қай кезеңде шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мемлекет басшысының Жолдауында білім мен ғылым саласын дамыту бойынша тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастадық. Басты бағыттарына тоқталсақ, 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту жөніндегі міндет 2025 жылға қарай кезең-кезеңмен іске асырылады», - деді министр Үкімет отырысында.


Оның айтуынша, бұл жұмыс жекеменшік балабақшалардың үлесін көбейту арқылы орындалады.


«Қазіргі жағдайда қай балабақша мемлекеттік тапсырысты алатынын аудан, қала білім бөлімдері шешсе, ал бұдан кейін оны ата-аналардың өздері ваучерлік қаржыландыру принціпімен шешетін болады. Яғни, нақты бір баланың балабақшаға кезегі келгенде, ата-анасы ваучерді алып, оны өзі қалаған балабақшаға беруге мүмкіндік алады. Бұл сәйкесінше, бәсекелестікпен бірге сапаны да көтеретіні сөзсіз», - деді А. Аймағамбетов.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon